Қазақстан Елшісі Рәпіл Жошыбаев Ош қаласының Мэрі Алмаз Мәмбетовпен кездесті

Қазақстан Елшісі Рәпіл Жошыбаев Ош қаласының Мэрі Алмаз Мәмбетовпен кездесті

17 қыркүйекте Қазақстанның Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рәпіл Жошыбаевтың Ош облысына жұмыс сапары аясында Ош қаласының мэрі Алмаз Ишенбекұлы Мамбетовпен екіжақты кездесу өтті.

«Бүгінде Қазақстан-Қырғыз ынтымақтастығы өзара түсіністік пен сенімнің дәстүрлі атмосферасында дамуда. Қырғызстан біз үшін өңірдегі негізгі экономикалық серіктестердің бірі болып табылады.

Біздің жақын, туысқандық қатынастарымызға байланысты біздің еліміз бауырлас Қырғызстанда әрдайым бейбітшілік, тұрақтылық пен тыныштық орнағанына шынайы мүдделі деп айта аламын.

Біз Қазақстан мен Қырғызстан облыстарының ықтимал өңіраралық ынтымақтастығы бойынша ұсыныстар жобасын дайындадық.

Осы бағыттағы тығыз өзара іс - қимыл екі жақты тауар айналымын ұлғайту және оны 1 млрд, АҚШ долларына дейін жеткізу туралы біздің мемлекеттеріміздің басшылары қойған міндетті шешуге көмектеседі деп сенемін», - деп атап өтті Рәпіл Жошыбаев.

Кездесу барысында тараптар Ош қаласы мен Қазақстан өңірлері арасындағы өңіраралық ынтымақтастық пен сауда кооперациясын дамытуға, сондай-ақ қала кәсіпкерлерінің Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы алдағы өңіраралық ынтымақтастық форумына белсенді қатысуына қызығушылық білдірді