Қазақстанның ЖОО-да білім алуға арналған стипендиялық бағдарлама

Қазақстанның ЖОО-да білім алуға арналған стипендиялық бағдарлама

Құрметті үміткерлер,

       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша біздің елдің ЖОО-да білім алу үшін шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын шақырады.

Грант саны:

  1. Бакалавриат – 490
  2. Магистратура – 50
  3. PhD докторантура – 10

Стипендиялық бағдарламаның операторы – ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы.

       Үміткерлер құжаттарды онлайн түрде 2021 жылғы 7 маусымнан  20 шілдеге дейін тапсыра алады.

       Барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефон және пошта арқылы хабарласуға болады:

Тел.: +7 (7172) 28 75 26

E-mail: admission@n-k.kz