Елші Қырғыз Республикасы Білім және ғылым министрімен кездесті

Елші Қырғыз Республикасы Білім және ғылым министрімен кездесті

       Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Р.Жошыбаев Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі Б.Купешевпен кездесті.

         Кездесу барысында Р.Жошыбаев Министрге Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтың құттықтау лебізін жеткізді және білім-ғылым саласындағы қырғыз-қазақ ынтымақтастығының басым бағыттары туралы сөз қозғады.

         Б.Купешев мүмкіндікті пайдалана отырып, қырғыз азаматтарын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқыту үшін квоталар санын 50-ге дейін ұлғайту туралы шешім қабылдағаны үшін қазақстандық тарапқа алғыс білдірді және Қырғыз тарапы қазақстандық азаматтарды Қырғыз Республикасының жоғары оқу орындарында оқыту үшін квоталар санын 10-ға дейін ұлғайту туралы шешім қабылдағанын атап өтті.      

         Тараптар сондай-ақ Қырғыз Республикасының Президенті С.Жапаровтың Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады.