Қазақстан Елшісі Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің Төрағасымен кездесті

Қазақстан Елшісі Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің Төрағасымен кездесті

        2021 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рәпіл Жошыбаев Қырғыз Республикасының Министрлер кабинетінің Төрағасы Улукбек Мариповпен кездесіп, сұхбат кезінде қазақстандық-қырғыз ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды.

         Р.Жошыбаев Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қырғызстан аумағына 10 мың тонна ұн түріндегі гуманитарлық көмек толық көлемде жеткізілгенін айтты. Ол сондай-ақ I өңіраралық ынтымақтастық Форумын, Іскерлік кеңесті дайындау және өткізу, Қырғызстандағы Қазақстанның мәдениет күндерін өткізу, Бішкекте Абай Құнанбаевқа және Нұр-Сұлтанда Манасқа ескерткіштер орнату және т. б. мәселелерді қозғады. 

         Өз кезегінде, У.Марипов Қазақстан Қырғызстанның шын мәнінде достық қарым-қатынас орнатқан жақын стратегиялық әріптесі екенін атап өтті. Ол қазақстандық тарапқа көрсетілген гуманитарлық көмек үшін алғысын білдірді және Елшіні Қырғызстандағы дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, жауапты қызметіне табыс және жұмысының жемісті болуын тіледі.