Қазақстанның Қырғызстандағы Елшісі Сенім грамоталарының көшірмесін табыстады

Қазақстанның Қырғызстандағы Елшісі Сенім грамоталарының көшірмесін табыстады

    2021 жылғы 24 мамырда Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Р.Жошыбаевтың Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Р.Казакбаевқа сенім грамоталарының  көшірмесін табыстау рәсімі болды.

    Кездесу барысында Р.Жошыбаев 2021 жылғы 28-29 сәуірде қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасында болған және адам өліміне әкелген оқиғаларға орай Қырғызстан халқына көңіл айтып, Қазақстан Республикасы басшылығының қолдау лебізін жеткізді.   

         Өз кезегінде Р.Қазақбаев Р.Жошыбаевты Қырғыз Республикасындағы дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, Қазақстан тарапын қырғыз-тәжік шекарасында болған қайғылы оқиға туралы хабардар етті. Ол тиісті тұрақтандыру шараларын іске асыру мақсатында екі елдің құқық қорғау органдары мен атқарушы билік өкілдерінен тұратын бірлескен жұмыс тобының қызметін айрықша баса айтты.

         Кездесуге қатысушылар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты достық байланыстарды одан әрі нығайту қажеттігін белгіледі. Қазақстандық-қырғыз ынтымақтастығының басқа да өзекті мәселелерін, сондай-ақ алда болатын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің Қырғызстанға сапарына дайындық мәселелерін талқылады.

         Өз кезегінде Р.Жошыбаев қабылдап, құрмет көрсеткені үшін қырғыз тарапына ризашылық білдіріп, өз қызметі кезінде қазақстандық-қырғыз қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға бар күшін салынатынын мәлімдеді.