Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына - 150 жыл

Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына - 150 жыл

     Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы!

            Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түскен Қажымұқандай мықты XX ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Мен деген небір мықтылардың мысын басты.

            1927 жылы ҚазАКСР Орталық Комитетінің Президиумы Қ.Мұңайтпасұлына «Қазақ даласының батыры» деген атақ берді. Ұлы Отан соғысы жылдарында жасы қартаң тартып қалған палуан күш өнерін көрсетіп жүріп жинаған 100 мың сом ақшасына ұшақ жасатты да, оған Амангелді Имановтың атын беріп, майданға жіберді. Осы ұшақпен қазақ ұшқышы Қажытай Шалабаев 120 рет жауынгерлік тапсырма орындады.

            Спорт өнері жолында Қажымұқан 48 алтын, күміс, қола медаль алған екен.

Мәңгі тұрағын киелі Ордабасы өңірінде тапқан Қажымұқан бабамызға ескеркіш орнатылып қана қоймай, арнайы мұражай да ашылды. Темірландағы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларындағы стадиондарға палуанның аты берілген және бірнеше қалаларда Қажымұқан атындағы көшелер бар.