Елші дипкорпус өкілдерімен бірге ағаш отырғызды

Елші дипкорпус өкілдерімен бірге ағаш отырғызды

          2021 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қ.Нұрпейісов Бішкекте аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдерімен бірлесіп «Ынтымақ» саябағында ағаш отырғызу акциясына қатысты.

         Акция Қырғыз Республикасының Президенті С.Жапаровтың қатысуымен және жергілікті кенештер сайлауына әйелдердің қатысуын жандандыруды қолдау аясында өтті. Оған ОСК Төрағасы Н.Шайлдабекова және БҰҰ Бас хатшысының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Н.Герман да қатысты.

         Іс-шара барысында Елші Қырғызстанның жетекші БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.