В Бишкеке состоялась презентация арт-альбома «Читая Абая»

В Бишкеке состоялась презентация арт-альбома «Читая Абая»

       2021 жылдың 11 наурызында А.Осмонов атындағы Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан А.Құнанбаев атындағы Қырғыз-Қазақ мәдени орталығында ұлы дала философының туғанына 175 жыл толуына орай TURKSOY ұйымының қолдауымен жарық көрген «Абайды оқуп» («Читая Абая») арт-альбомының тұсаукесері өтті. Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі іс-шараның қоса ұйымдастырушысы болып табылады.

         Тұсаукесер аясында қазақ ағартушысының мұрасын насихаттауға қосқан үлесі үшін бірқатар қырғыз мәдени қайраткерлері, соның ішінде Қырғызстан Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Бақашова ТҮРКСОЙ-дың «Абай» естелік медалімен марапатталды.

         Өткен жылдың ішінде Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігі, сондай-ақ Қырғызстан қазақтарының қауымдастығы Абай шығармашылығына арналған көптеген іс-шаралар өткізгенін атап өту қажет.