Бішкекте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтеді

Бішкекте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтеді

       

       2021 жылғы 10 наурыз сағат 18: 30-да Малдыбаев атындағы Қырғыз Ұлттық академиялық опера және балет театрында ұлы ақын, ойшыл, ағартушы және қазақ жазуының негізін қалаған қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Ақын Абайға мың тағзым» атты үлкен бағдарламалы  концерт өтеді.

            Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі К.Иманалиев пен Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары О. Мирзаев қатысады.

            Концерттік бағдарламада Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Түркия және Түркіменстан өнер өкілдері өнер көрсетпек.

            Кіру тегін.