Ең бірінші бақытым – Халқым менің... Ал екінші бақытым — Тілім менің...

Ең бірінші бақытым –  Халқым менің...   Ал екінші бақытым — Тілім менің...

           2021 жылғы 22 ақпанда Абай атындағы Қырғыз-қазақ Мәдени орталығында Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің және Қырғызстандағы қазақ диаспорасының ұйымдастырумен Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай іс-шара өткізілді. Атап кету керек, жиын Халықаралық ана тілі күні (21 ақпан) шеңберінде өтіп, М.Мақатаевтың тіл, ел туралы туралы жырлары кеңінен оқылды.

         Оған қоса, әнші, қазақ диаспорасының мүшесі Н.Абдралиев ақынның сөзіне жазылған әндерді шырқаса, танымал журналист Н.Байжигитов өзінің М.Мақатаевпен болған кездесулері туралы айтып берді.

         Іс-шараға Қырғызстанда білім алып жатқан қазақстандық студенттер мен диаспора мүшелері, БАҚ өкілдері қатынасты.