Қазақстан Елшісінің Мажарстан елшісімен кездесуі

Қазақстан Елшісінің Мажарстан елшісімен кездесуі

           2021 жылғы 12 ақпанда Бішкекте Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қ.Нұрпейісов Мажарстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шандор Дорогимен кездесті.

         Тараптар Қазақстан-Мажарстан қатынастарының негізгі мәселелері, сондай – ақ екі елдің халықаралық ұйымдар - ТМЫК, ЕҚЫҰ және БҰҰ шеңберіндегі өзара іс-қимылы бойынша пікір алмасты.

         Қ.Нұрпейісов әріптесін жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтап, дипломатиялық қызметіне табыс тіледі. Сондай-ақ ол Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер туралы хабардар етті.

         Тараптар екі елдің дипломатиялық өкілдіктері арасындағы одан әрі жемісті ынтымақтастыққа бейілділіктерін білдірді.