Қырғызстан Сыртқы істер министрінің Қырғыз Республикасында өз қызметін жүзеге асыратын қазақстандық және өзбекстандық компаниялардың өкілдерімен кездесуі өтті

Қырғызстан Сыртқы істер министрінің Қырғыз Республикасында өз қызметін жүзеге асыратын қазақстандық және өзбекстандық компаниялардың өкілдерімен кездесуі өтті

      2020 жылғы 9 желтоқсанда Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Р.Казакбаевтың Қырғыз Республикасында қызметін жүзеге асыратын бірқатар қазақстандық және өзбекстан компанияларының өкілдерімен кездесуі өтті, кездесуге Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшісі Қ.Нұрпейісов қатысты. Іс-шарада ҚР мемлекеттік органдарының бірқатар басшылары да болды.

         Өз сөзінде министр Р.Қазақбаев жақын көршілер - Қазақстанмен және Өзбекстанмен достық пен сенімді қарым-қатынастарды жоғары бағалады. «қырғыз-қазақ және қырғыз-өзбек қарым - қатынастарын жан-жақты дамыту, өзара тиімді жан-жақты ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ тату көршілік қатынастарды нығайту Қырғызстанның ұзақ мерзімді басымдықтарына жауап береді», - деп атап өтті Қырғызстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы.

         Өз кезегінде, Елшісі Қ.Нұрпейісов Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған кездесуге алғыс айтып, қазақстандық инвестициялардың қырғыз экономикасындағы орны мен үлесін атап өтті, бизнес ахуалдың жақсаратынына сенім білдірді. Ол сондай-ақ Қазақстан тарапынан тікелей инвестициялар жылдан жылға артып келе жатқанын баса айтты.

         Кездесу қорытындысы бойынша жиынға қатысушылар сауда-экономикалық саладағы қырғыз-қазақ және қырғыз-өзбек ынтымақтастығының өзекті мәселелерін шешу және ілгерілету үшін осындай іс-шараларды ұйымдастыру практикасын жалғастыру жөнінде уағдаласты.