
2026 жылдың 9 мамырында Алматы қаласы әкімінің орынбасары О.М. Смагулов бастаған делегация жұмыс сапарымен Бішкек қаласына келді.
Сапардың мақсаты «Hunan Junxin Environmental Protection Co Ltd» қоқыс өңдеу зауытымен танысу болды. Аталған зауттың аналогы оңтүстік астанада салынуы жоспарлануда.
Сапар барысында Бішкек қаласы әкімінің орынбасары
Р.Г. Әлиев және кәсіпорын басшылығымен зауыттың өндірістік қуатын, қалдықтарды сұрыптау, өңдеу және энергетикалық кәдеге жарату технологияларын нақты көрсетілді.
Тәжірибе алмасу аясында экологиялық қауіпсіздік, қалдықтарды басқару және ТҚҚ (тұрмыстық қатты қалдықтар) айналымы саласында заманауи шешімдерді енгізу мәселелері талқыланды.
Зауыт аумағын аралау барысында қазақстандық делегация кәсіпорын персоналының еңбек және тұрмыс жағдайларымен танысып, кампус асханасында бейресми түскі ас ұйымдастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша Алматы қаласында ұқсас жобаны іске асыру кезінде консультациялар беру және тәжірибе алмасу үшін тұрақты байланыс орнату туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.