
2026 жылғы 19 наурыз күні «Уникум» колледжінде күн мен түн теңеліп, жаңа жыл басталатын көктемнің жарқын мерекесі – Наурызға арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара елшілік қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Студенттер қазақ, қырғыз, түрік және өзбек халықтарының әндері мен билерін, сондай-ақ заманауи қойылымдарды қамтыған жарқын концерттік бағдарлама ұсынды. Ұлттық киімдер, дәстүрлі тағамдар көрмесі және қазақ халқының салт-дәстүрлерінің көрсетілімі ерекше әсер қалдырды.
Іс-шара Орталық Азия халықтары арасындағы достықты нығайтуға, мәдени мұраны сақтауға және өзара түсіністікті арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Елшіліктің кеңесші-уәкілі Сыздықов Асхат және Қырғыз Республикасындағы қазақтар қауымдастығының төрайымы Болотова Хамар жиынға қатысушыларды Наурыз мейрамымен құттықтады.
Барлық қатысушылар мен қонақтарға жылы атмосфера мен дәстүрлерді сақтауға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!
Наурыз – бірлік пен жаңару, үміт мерекесі! 🌸