
2026 жылғы 17 наурызда Бішкек қаласында European Bank for Reconstruction and Development – Transition Report 2025-2026: «Brave Old World» атты жыл сайынғы аналитикалық баяндаманың таныстырылымы өтті.
Іс-шараға Қырғыз Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдері, дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ сарапшылар мен бизнес қоғамдастығының өкілдері қатысты.
Таныстырылым барысында демографиялық өзгерістер, технологиялық трансформация және жаңа жаһандық экономикалық сын қатерлер жағдайында ЕҚДБ операциялары жүзеге асырылатын елдердің экономикаларындағы құрылымдық өзгерістерге арналған баяндаманың негізгі қорытындылары ұсынылды.
Орталық Азия елдерінің экономикалық даму үрдістеріне, оның ішінде еңбек өнімділігін арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту, жеке секторды дамыту және инвестициялар тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Transition Report баяндамасы ЕҚДБ-нің негізгі жыл сайынғы аналитикалық материалдарының бірі болып табылады және банк операциялары жүргізілетін елдердегі экономикалық реформалар мен инвестициялық ахуалға бағалау ұсынады.