Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінде Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рәпіл Жошыбаевтың Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиевпен кездесуі өтті.

Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінде Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рәпіл Жошыбаевтың Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиевпен кездесуі өтті.

2026 жылғы 16 наурызда Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінде Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рәпіл Жошыбаевтың Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиевпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Елші Р.Жошыбаев М.Маматалиевті Жогорку Кенеш Төрағасы қызметіне тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара құрмет пен стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға негізделген белсенді саяси диалогты атап өтті.

Өз кезегінде М.Маматалиев Қазақстанды жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумның табысты өткізілуімен құттықтап, екі ел арасындағы бауырластық қатынастардың жоғары деңгейін, сондай-ақ өңірлік күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша ұстанымдардың жақындығын атап өтті. Ол Қазақстан-Қырғызстан ынтымақтастығының серпінді дамуы көп жағдайда мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың конструктивті өзара іс-қимылының арқасында қамтамасыз етіліп отырғанын атап өтті.

Тараптар парламентаралық ынтымақтастық пен парламенттік дипломатияны одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты Жогорку Кенеш Төрағасы Қырғыз Республикасы парламентінде Қазақстанның «достар тобының» құрылғаны туралы хабарлады.

Сондай-ақ тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, көлік-логистикалық инфрақұрылым, энергетика және шекара маңындағы өзара іс-қимыл салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тығыз саяси диалогты сақтауға мүдделілігін растады.