Қазақстан мен Қырғызстан суперкомпьютерлер мен цифрлық платформалар бойынша диалогты кеңейтуде

 Қазақстан мен Қырғызстан суперкомпьютерлер мен цифрлық платформалар бойынша диалогты кеңейтуде

2026 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму жөніндегі вице министрі Д.Мун мен Қырғыз Республикасының цифрлық даму және инновациялық технологиялар жөніндегі вице министрі А.Пирматовтың Қазақстанның Қырғызстандағы Елшілігі қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар суперкомпьютерлер мен жоғары өнімді есептеулер саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында бірлескен жұмыс топтарын құру мәселесін талқылады.

Қазақстан тарапы мемлекеттік органдар деректерін жинау, сақтау және кешенді талдауға арналған аналитикалық жүйені, сондай-ақ Qazaq Law, Tax Helper және Alem Cloud секілді цифрлық шешімдерді таныстырды.

Қырғыз тарапы «Тундук» платформасының мүмкіндіктерін, оның ішінде Tunduk Travel, Tunduk Pay, Tunduk Business, Tunduk Tax және басқа да сервистерді ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілігін растады.