
2025 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінде дипломатиялық миссия қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық шырша мерекесі өтті.
Дәстүрге айналған бұл шара балалар мен олардың ата-аналарын достық, қуаныш және бірлік атмосферасында біріктірді. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшісі Рапиль Жошыбаев мерекені жылы қарсы алу сөзімен ашты. Өз сөзінде ол отбасылық құндылықтардың маңыздылығын атап өтіп, мерекенің жаңа бастама символы ретіндегі мәнін ерекше атап, барлық қатысушыларға жаңа жылда денсаулық, бақыт және амандық тіледі.
Жас қонақтар үшін қызықты конкурстар, Аяз Ата мен Ақшақардың сыйлықтары, сондай-ақ дәстүрлі жаңа жылдық ойыншықтармен безендірілген жарқыраған шыршаның аясында мерекелік бағдарлама дайындалды. Балалардың күлкісі мен қуанышы кештің басты сәніне айналды.
Мереке достық шай ішумен аяқталып, ұжымның бірлігін нығайтуға және барлық қатысушылар үшін жағымды естеліктер қалдырды.
Елшіліктің ұжымы іс-шараны ұйымдастыруға қатысқан барлық адамдарға алғыс білдіріп, келе жатқан жаңа жыл балалар мен олардың отбасылары үшін шабыттардың бастамасы болады деп үміттенеді.