
2025 жылғы 15 желтоқсанда Бішкек қаласында Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рәпіл Жошыбаевтың Пәкістан Ислам Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алтамаш Вазир Ханмен кездесуі өтті.
Дипломаттар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың барысы мен келешектерін талқылады. Тараптар екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу жылы әрі достық ахуалда өтті. Сұхбаттасушылар жұмыс байланыстарын жалғастыруға және елдеріміздің игілігі жолындағы ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.