Қазақстан Республикасының азаматы Нуртазина Алина Алматовна, 02.08.2003 ж.т., Қырғызстанның Ош облысында 2025 жылғы 27 тамызда жол апатына ұшырап, оның салдарынан ауыр дене жарақаттарын алды. Ош қаласының клиникалық ауруханасында оған жедел медициналық көмек көрсетіліп, қажетті операция жасалды.
А.А.Нуртазинаның жақын туыстары ҚР Ош қаласындағы Бас консулдығына өтініш білдіріп, оны ары қарай емдеу үшін санитарлық авиациямен Қазақстанға жеткізуге көмек сұрады. Бас консулдық қызметкерлері жедел түрде ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен ықпалдастықты жүзеге асырып, қазақстандық азамат А.А.Нуртазинаны санитарлық авиациямен елімізге жеткізу мақсатында қажетті іс-шараларды қабылдады.
Нәтижесінде 2025 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық авиация құрамы Ош қаласына ұшып келіп, Бас консулдықтың ұштастыруымен және жергілікті денсаулық сақтау мекемелерінің, сондай-ақ, өзге де мүдделі мемлекеттік органдарының тиісті жәрдемімен отандасымызды әрі қарай емдеу үшін Астана қаласына ұшып кетті.
ҚР Ош қаласындағы Бас консулдығы еліміз азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруын жалғастыруда.