2025 жылғы 11 шілде, Бішкек қаласы – Қазақстан Елшілігінде Төтенше жәнеӨкілетті елші Р.С.Жошыбаев Түрік Республикасының ҚырғызРеспубликасындағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті ЕлшісіМекин Мустафа Кемаль Океммен кездесті.
Дипломаттар Қазақстан мен Түркия арасындағы саяси, сауда-экономикалықжәне мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтыңбарысы мен перспективаларын талқылады. Тараптар екі ел арасындағыстратегиялық әріптестік қарым-қатынастарын нығайту, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған бірлескен жобалардыжүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Түрік мемлекеттері ұйымы шеңберіндегі өзара ықпалдастықты дамыту, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікіралмасылды.
Кездесу жылы және достық ахуалда өтті. Сұқбаттасушылар жұмысбайланыстарын жалғастыруға және елдеріміздің игілігі жолындағыынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.