2025 жылғы 5 маусым, Бішкек қаласы — Қырғыз Республикасының астанасында Дүниежүзілік банк ұйымдастырған «Өсу және жұмыспен қамту форумы» өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рапиль Жошыбаев қатысты.
Форумға Қырғыз Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдері, дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдар, іскерлік және сараптамалық қауымдастық өкілдері қатысты.
Форумда өнімділікті арттыру, бюрократияны азайту және құрылымдық реформаларды іске асыру мәселелері қаралды. Қатысушылар әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру, жеке секторды қолдау, экономиканы цифрландыру және адами капиталды дамыту бағыттарын талқылады.
Форум орнықты экономикалық даму басымдықтарын, өңірлік ынтымақтастықты тереңдету мен жұмыспен қамтуды және өнімділікті арттыруға бағытталған реформаларды талқылайтын маңызды алаңға айналды. Қазақстандық тарап мұндай іс-шаралардың тәжірибе алмасуға, бірлескен тәсілдерді әзірлеуге және Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық байланысты нығайтуға маңыздылығын атап өтті