Қазақстан халқының бірлігі күніне орай

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай

Берн, 2025 жылғы 1 мамыр — Бүгін Қазақстан Республикасында ең маңызды мерекелердің бірі — Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтілуде, бұл елімізде 150-ден астам ұлт өкілдерінің арасындағы бейбітшілік, келісім мен достықтың символы.

Қазақстан — этносаралық үйлесімділіктің үлгісі, мұнда барлық халықтардың мәдениеті мен дәстүрлеріне деген құрмет пен толеранттылық жоғары бағаланады. Бұл мереке ұлтына, дініне, көзқарасына қарамастан, барлық қазақстандықтарды біріктіреді.

Биылғы жылы Бірлік күні ерекше маңызға ие — Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) 30 жылдығы, бұл конституциялық институт этносаралық келісім мен тұрақты дамудың моделінің негізіне айналды.
Бұл күн ашықтық, әртүрлілікке құрмет пен бейбіт қатар өмір сүру құндылықтарын еске салатын күн — бұл принциптер Қазақстан мен Швейцария үшін ортақ.

Мереке және ҚХА-ның 30 жылдығына орай шетелдік серіктестерден, оның ішінде Швейцариядан, Лихтенштейннен және Қазақстанның диаспора өкілдерінен құттықтаулар келіп түсуде, олар Қазақстанның бейбітшілік пен бірлікті нығайтудағы үлесін атап өтуде.

Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!