«Қазақстан Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі» онлайн-көрмесі

«Қазақстан Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі» онлайн-көрмесі

9 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осы есте қаларлық күнге орай Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино, фото және дыбыс жазбалары мұрағаты ұсынған фотосуреттерді назарларыңызға ұсынамыз. Бұл материалдар Қазақстанның Жеңіске жетуге қосқан үлесін айқын көрсетеді.

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев атап өткендей: «Қазақстан Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігін ұмытпайды. Қаза тапқан батырлардың есімі халық жадында мәңгі сақталады. Қазақстан армияны қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарды. Майданда атылған он оқтың тоғызы Қазақстан жерінде шығарылды. Майданға 1500 вагон киім-кешек пен азық-түлік жібердік. Жеңіске жету жолында біздің қосқан үлесіміз айқын еді».

Ұлы Отан соғысы бұрынғы КСРО-ның барлық халықтары үшін ауыр сынақ болды. Қазақстан ауданында әскери қимылдар болған жоқ, бірақ ел халқы соғысқа да, Кеңес Армиясын жауды талқандауға қажетті барлық заттармен қамтамасыз етуге де белсене қатысты. Соғыс жылдарында 1 миллион 200 мың қазақстандық – республика халқының 20 пайызы майданға аттанды.

Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 бригада, 50 жеке полк құрылды. Олардың ішінде атақты 316-атқыштар дивизиясы болды, оның бірінші командирі генерал-майор И.В. Панфилов еді, Мәскеуге жақындаған кездегі теңсіз ұрыста жауға қарсы тұрды. Көптеген қазақстандықтар соғыстың қалың ортасында болды: 1941 жылғы қорғаныс шайқастары, Сталинград пен Курск бұлғасы. Жерлестеріміз Еуропаны азат етуге, Берлинді алуға қатысты. Қазақстаннан әрбір екінші жауынгер майданда қаза тапты.

Отан қазақстандықтардың әскери ерлігін жоғары бағалады. 528 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атағын алса, 110 мыңы «Даңқ» орденімен марапатталды. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды: Сергей Луганский, Талғат Бегельдинов, Леонид Беда, Иван Павлов. Көрме аясында Талғат Бегелдиновтың, сондай-ақ басқа да соғыс Батырлары – Әлия Молдағұлованың, Мәлік Ғабдуллиннің, Бауыржан Момышұлының, Хиуаз Доспанованың, Қасым Қайсеновтың фотосуреттерін көруге болады.

Жеңіске республиканың тыл еңбеккерлері де өлшеусіз үлес қосты. Қазақстан майданның берік арсеналына айналды. Еліміздің әртүрлі аймақтарында орналасқан 200-ден астам қорғаныс кәсіпорны КСРО-ның еуропалық бөлігінен республикаға көшірілді. Қысқа мерзімде бұл кәсіпорындар жұмысшылардың тәулік бойы адал еңбегінің арқасында өнім шығара бастады. Соғыс жылдарында маңызды жеңіс тұғырына айналған тағы жүздеген кәсіпорындар салынды.

Қазақстан әскери өнеркәсіпке қажетті мыс, қорғасын, висмут, молибден, полиметалл өндірісінде жетекші орын алды. Қазақстандағы қорғаныс зауыттары қару-жарақтың, снарядтардың, миналардың және басқа да әскери мақсаттағы бұйымдардың жаңа түрлерін шығаруды игерді. Қазақстанның ауыл шаруашылығы майдан мен тылды азық-түлікпен, өнеркәсіпті қажетті шикізатпен қамтамасыз етті.

Майданға жұмылдыру бүкіл ересек ер халықты қамтыды. Әр үйден әкелер, күйеулер, ұлдар, ағалар майданға аттанды, сондықтан кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің көпшілігі әйелдер мен балалар болды. Соғыс жылдарының ауыртпалығы олардың иығына түсті, майданды барлық қажетті заттармен қамтамасыз ету жауапкершілігі де артты.

Қазақстан халқы адам сенгісіз ауыртпалықтарды өтей отырып, соғыстың аяқталуын жақындатқан майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін құрметпен еске алады. Бүкіл елде Ұлы Жеңісті мәңгі есте қалдыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге арналған арнайы іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда, оның шеңберінде 2 мыңнан астам іс-шаралар мен акциялар өткізіледі. Олардың шарықтау шегі 7 мамырда Астанада өтетін Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру болмақ. Оған 4,5 мыңға жуық сарбаздар қатысады.

42 мың соғыс ардагері мен тыл еңбеккері «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық мерекелік медалімен марапатталады. Сонымен қатар, белгіленген қолдау шараларынан бөлек, әрбір ардагерге 5 миллион теңге (шамамен 10 мың доллар) көлемінде бір реттік жәрдемақы беріледі. Осы іс-шаралардың барлығы біздің Қазақстандағы тарихи жады мен ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға деген ұмтылысымызды көрсетеді.

 

ҚР Швейцария Конфедерациясындағы

және Лихтенштейн Князьдігіндегі Елшілігі