Бернде Наурыз аталып өтті

Бернде Наурыз аталып өтті

2025 жылғы 5 сәуір, Берн – Швейцария астанасындағы ең көне концерт залдарының бірінде көктемнің басты мейрамы – Наурызға арналған Ақтөбе облыстық филармониясының концерті өтті.  

Іс-шараға Швейцарияның мемлекеттік органдарының, іскер және академиялық топтарының өкілдері, дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдар, БАҚ және қазақ диаспорасы қатысты.

Өз сөзінде Елші Қайрат Саржанов көктемгі жаңару мерекесімен құттықтап, ұлттық құндылықтарға арналған тақырыптық күндер арқылы қазақ мәдениетінің байлығын ашатын «Наурызнама» тұжырымдамасымен таныстырды. Сондай-ақ, Қазақстанның серпінді дамуын, инновация мен әлеуметтік прогреске ұмтылысын көрсететін, елдің халықаралық аренадағы бейнесін нығайтатын «Born Bold» халықаралық кампаниясының негізгі идеяларын ұсынды.

«Достық сазы» фольклорлық ансамблі мен «Аққу» би ансамблі көрермендерге қазақ халқының мәдениетінің тереңдігі мен даралығын жеткізетін жарқын концерттік бағдарламасын ұсынды.

Мерекелік көңіл-күйді «Бірлік» Қазақстан-Швейцария қауымдастығының бағдарламасы толықтырды. Қатысушылар ұлттық әндер, күйлер мен билер орындап, интеллектуалдық викторина өткізді және қазақ тағамдарынан дәм татуға арналған дастархан жайды.