РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2024 жылғы 6 қазанда Қазақстан Республикасында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.

Қазақстан Республикасының Швейцариядағы Елшілігі жанындағы №380 сайлау учаскесі құрылды. Ол 2024 жылғы 6 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін ашық болады.

Елшіліктің мекен-жайы: Берн қ., Tavelweg 2, CH-3074 Muri bei Bern

Қазақстанның 18 жасқа толған белсенді сайлау құқығына ие әрбір азаматының референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.

Сіздің деректеріңіздің республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімінде болуы, өз құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдік береді.

Референдумда дауыс беру бюллетеньдер арқылы жүргізіледі. №380 учаскеде, Елшілік жанында дауыс беру үшін алдын ала тіркелуді өтінеміз. Өтінімдеріңізді bern@mfa.kz электрондық поштасына аты-жөніңізді, ЖСН, туған жылыңызды және тұрғылықты мекенжайыңызды көрсетіп жіберуіңізді сұраймыз.

 

Референдум күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жарамды төлқұжаты болуы тиіс.

Қосымша ақпаратпен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтында, сондай-ақ Елшіліктің бұдан кейінгі ақпараттық хабарламаларымен танысуға болады.