Женева қаласындағы «Batiment des Forces Motrices» концерт залының сахнасында өткізілетін әлемге танылған қазақстандық «Астана Балет» театрының гастрольдік қойылымдары

Женева қаласындағы «Batiment des Forces Motrices» концерт залының сахнасында өткізілетін әлемге танылған қазақстандық «Астана Балет» театрының гастрольдік қойылымдары

Жоғары Мәртебелілер,

құрметті ханымдар мен мырзалар,

қымбатты достар!

Сіздерді 2023 жылғы 15, 16 және 17 желтоқсанда Женева қаласындағы «Batiment des Forces Motrices» концерт залының сахнасында өткізілетін әлемге танылған қазақстандық «Астана Балет» театрының гастрольдік қойылымдарына шақырамыз.

Театр ұжымы симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен заманауи және ұлттық хореографиялық өнердің үздік үлгілерін ұсынады: «Кармен-сюита» балеті, «Тағдыр бұлтарыстары» авторлық қойылымы және «Ұлы Дала мұрасы» гала-концерті.

15 және 16 желтоқсанда сағат 19:30-да, 17 желтоқсанда сағат 14:00-де бірінші бөлімде Джордж Бизе - Родион Щедриннің музыкасына Альберто Алонсо қойған би өнерінің қайталанбас гауһары және аты аңызға айналған «Кармен-сюита» балеті ұсынылады. Екінші бөлімде көрермендер театрдың бас балетмейстері Мукарам Авахри танымал қазақстандық әнші Карина Абдуллинаның музыкасына қойған «Тағдыр бұлтарыстары» мистикалық спектаклін тамашалай алады.

17 желтоқсан күні сағат 19:00-де жоғары өнерді сүйетіндерге әсемдігі мен көркемдігіжағынан таңғажайып «Ұлы Дала мұрасы» атты гала-концерті ұсынылады. Театр өнерінің озық үлгісі шетелде талай көрермендерін тамсандырған – туындыда хореографтар қазақ халқының тарихы мен дәстүрлеріне жүгінеді.

«Астана Балет» гастрольдері Қазақстан мен Швейцария арасындағы мәдени саладағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылады.

«Астана Балет» Қазақстан Республикасының жетекші хореографиялық ұжымдарының бірі болып табылады, бүкіл әлем бойынша мыңдаған жанкүйерлері бар. Театр әртістері Бейжің мен Шанхай, Париж, Вена, Сеул, Будапешт, Баку, Нью-Йорк, Токио, Варшава, Минск, Брюссель, Милан, Монте-Карло, Дубай, Тбилиси және т. б. ең беделді сахналарда өнер көрсеткен.

Билеттер келесі сілтеме арқылы қол жетімді:

https://infomaniak.events/shop/eSAMtposEE/