Алматы, 2023 жылғы 9 маусым – Алматыда Мемлекеттік хатшының орынбасары, Швейцария экономикасы Мемлекеттік хатшылығының Сыртқы экономикалық дирекциясының басшысы Иво Германның қатысуымен Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия елдерінде әлеуетті дамыту жөніндегі Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Өңірлік орталығының (CCAMTAC) салтанатты ашылуы өтті.
2021 жылдың ақпан айынан бастап қашықтықтан жұмыс істей бастаған орталық ХВҚ-ның, тоғыз мүше елдің (Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан) және дамыту бойынша серіктестердің бірлескен жобасы болып, экономикалық саясатты әзірлеу және институттарды дамыту, экономикалық өсудің жаңа инклюзивті факторларын іздеу бойынша Қормен ынтымақтастықты тереңдетудегі өңір елдерінің маңызды қадамын білдіреді.
Швейцария Алматыда ашылған орталықтың ірі донорларының біріне айналды. ХВҚ қоса алғанда, Бреттон-Вудс институттары шеңберіндегі өзара іс-қимыл Қазақстан-Швейцария ынтымақтастығының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.Швейцария Польша, Сербия, Әзірбайжан, Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстан кіретін Дүниежүзілік банк пен ХВҚ кіші тобында Қазақстанның мүдделерін сәтті білдіруде.