Қазақстан Елшісінің Санкт-Галленге жұмыс сапары

Қазақстан Елшісінің Санкт-Галленге жұмыс сапары

Санкт-Галлен, 2022 жылғы 4-5 шілде – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшісі Ә.Бақаевтың Санкт-Галлен кантонына сапары өтті.

Сапар барысында Санкт-Галлен Университеттің проректоры, профессор У.Шмидпен және информатика мектебінің директоры Й.Мюллер мен кездесу өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар университет пен қазақстандық жоғары оқу орындары арасында әріптeстік қарым-қатынас орнату мүмкіндіктерін қарастыруға келісті.

Сапардың іскерлік бөлігі өз салаларында көшбасшы болып табылатын Қазақстан-Швейцария Іскерлік кеңесінің жұмысына белсенді қатысатын «Bühler Group» (астық және тамақ өнеркәсібіне арналған жабдықтар өндірісі), «Polymetrix» (PET-өнімдерін өндіруге арналған жабдық) және «Transinvest Holding» (көлік және логистика) компанияларының штаб-пәтерлеріне баруды қамтыды. Кездесулер барысында Қазақстанда компаниялардың жобаларын іске асыру барысы, сондай-ақ оларды одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Компания басшыларына Қазақстанның инвестициялық саясатының жаңа тұжырымдамасы қабылданғаны туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, сапар аясында Елші Ә.Бақаев «St. Galler Tagblatt» басылымның экономикалық тілшісіне Қазақстан-Швейцария ынтымақтастығын және Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды талқылауға арналған сұхбат берді.