Айман Мұсаходжаева мен Бруно Канино Цюрихте концерт берді

Айман Мұсаходжаева мен Бруно Канино Цюрихте концерт берді

Цюрих, 2021 жылғы 13 қараша – Цюрихтегі ең көне масон ложасы – «Modestia cum Libertate» 250 жылдығы және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында классикалық өнер шеберлерінің – қазақстандық скрипкашы Айман Мұсаходжаева мен итальяндық пианистті Бруно Канино – «Lindenhof» тарихи ғимаратында концерті өтті.

Концертке Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Әлібек Бақаев жұбайымен, «Modestia cum Libertate» басшылығы, «Birlik» қазақ-швейцариялық бірлестігінің ресми өкілдері және швейцариялық көрермендер мен қазақ диаспорасы қатысты.

Концерт Қазақстанға, оның өнері мен мәдениетіне деген үлкен қызығушылық тудырды. Цюрихтің талғампаз көрермендері, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдері музыканттардың шеберлігін ыстық ықыласпен қарсы алды.

Сонымен қатар, профессор А.Мұсаходжаева концерт алдында Цюрих өнер университетінің музыка департаментінің директоры Майкл Эйденбенцпен келіссөздер жүргізді. Тараптар Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігінің техникалық қолдауымен Қазақ ұлттық өнер университеті мен Цюрих өнер университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға келісті.