Қазақстан-Швейцария «Бірлік» қауымдастығы бір жылға толды

Қазақстан-Швейцария «Бірлік» қауымдастығы бір жылға толды

Берн, 2021 жылғы 31 мамыр – Осыдан тура бір жыл бұрын Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігінің белсенді көмегімен осы Альпі елінде тұратын қазақ диаспорасын біріктірген «Бірлік» Қазақстан-Швейцария қауымдастығы құрылды.

Бір жыл ішінде қауымдастық Елшілікпен бірге көптеген қызықты жобаларды жүзеге асырып, Швейцарияның барлық аймақтарынан көптеген отандастарды тартты.

Атап айтқанда, Қауымдастық 2020 жылдың шілде айында Семейдегі ауруханаларға жеке қорғану құралдарын қайырымдылық көмек ретінде жолдады, 2020 жылдың тамыз айында Қазақстанның жас дәрігерлеріне арналған «United for Health» стипендиялық бағдарламасын ұйымдастырды, 2020 жылдың желтоқсан айында «With Love from Switzerland» атты Ақтөбе қаласындағы мүгедек балаларға жаңажылдық сыйлықтарды жинау акциясын өткізді, ал 2021 жылдың наурыз-сәуір айларында Швейцариядағы қазақ балалары үшін «Наурыз мейрамын» тойлау дәстүрлері туралы сабақтар мен Еуропадағы жас мамандардың онлайн форумын ұйымдастырды.

Сонымен қатар, Қауымдастық Елшілікпен бірге белгілі қазақтың композиторі Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындау челленджін, Домбра күні мен Абай оқуларын өткізді.

Берндегі Қазақстан Елшілігінде өткен Қауымдастықтың мерейтойлық жиналысында өткен жылдың қорытындылары шығарылып, болашақ жоспарлары айтылды.

Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Әлібек Бақаев Елшілік Қауымдастыққа көмек пен қолғабыс көрсетуге әрдайым дайын екенін атап өтіп, төраға Руслан Тоқбулатқа, басқарма мүшелері Сауле Хофер мен Нұргүл Жақыпбайға, сондай-ақ Серік Тұрсынғы белсенді азаматтық ұстанымы және қазақстан-швейцар мәдени байланыстарын дамытуға деген үлкен ынта үшін алғысын білдірді.