Вебинар: Қазақстан мен Швейцария арасындағы бизнеске арналған мүмкіндіктер

Вебинар: Қазақстан мен Швейцария арасындағы бизнеске арналған мүмкіндіктер

Берн, 2021 жылғы 27 мамыр – «Қазақстан мен Швейцария арасындағы бизнесі үшін мүмкіндіктер» атты арнайы вебинар өтті. Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігі мен «Швейцария - ТМД» Бірлескен сауда палатасы (JCC) ұйымдастырған бұл іс-шараға 50-қа жуық швейцариялық компаниялар мен кәсіпкерлер қатысты.

Іс-шараны ашу барысында JCC-дың Атқарушы директоры Дорит Саллис Қазақстан нарығының үлкен маңыздылығын және швейцариялық іскер топтарының елімізбен іскери байланыстарды кеңейту бойынша қызығушылықтарын атап өтті.

Қазақстанның Швейцариядағы Құрметті Консулы Ж.-П.Периа бұл тезисті құптай отырып, вебинардың қатысушыларын қазақстандық бизнеспен тікелей байланыстарды белсенді құруға шақырды.

Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Әлібек Бақаев, Қазақстанның инвестициялық ахуалы мен елімізде бизнесті жүргізу мүмкіншіліктері, заңнамалық қолдау, инвесторлар үшін жеңілдіктер мен преференциялар туралы айтып берді.

Сонымен қатар, өз сөзінде Ә.Бақаев елімізде бизнесті жүргізудің және өндірісті жергіліктендірудің тартымдылығына ерекше назар аударды.

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның Атқарушы директоры Жандос Темірғали Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларына қатысатын шетелдік компаниялардың мүмкіндіктерімен қатысушыларды таныстырды.

АХҚО-ның Инвестиция бойынша директоры Джеймс Мартин АХҚО шеңберінде бизнесті жүргізудің артықшылықтарын, Орталықтың тәуекелдерді төмендететін қаржы-инфестициялық платформа ретіндегі рөлін атап өтіп, ұсынды.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Басқарушы директоры Ернар Жанадил швейцариялық кәсіпкерлерді Қордың инвестициялық холдинг ретінде жетекші тәуелсіз әл-ауқат қорларына ұқсас жұмыс жасау бойынша жаңа форматымен таныстырды.

Қорытынды пікірталас барысында қатысушылар Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі талқылады.