Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Дүниежүзілік пошта одағының Бас директорына сенім хатын тапсырды

Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Дүниежүзілік пошта одағының Бас директорына сенім хатын тапсырды

Берн, 2021 жылғы 20 мамыр – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшісі Әлібек Бақаев Дүниежүзілік пошта одағының (ДПО) Бас директоры Бишар Хуссейнге дипломатиялық жұмыс саласындағы ДПО-да аккредиттеу туралы сенім хатын тапсырды.

 

Келіссөздер барысында тараптар 2021 жылғы 9-27 тамызында Абиджан қаласында (Кот-д'Ивуар) жоспарланған 27-ші ДПО Дүниежүзілік пошта конгресінің күн тәртібін талқылады.

 

Сұхбаттасушылар ДПО-ны реформалау процессі, жеке пошта операторларға одақтың қызметтері мен мәліметтер базасына қол жетімділікті ашуі, COVID-19 жағдайында пошта қызметіне сұраныстың өсуі, сондай-ақ Абиджанда өтетін 27-ші Конгресс барысында талқылауға жоспарланған бірқатар құқықтық мәселелер бойынша пікір алысты.

 

Бишар Хуссейн ДПО шеңберінде үкімет деңгейінде неғұрлым белсенді ынтымақтастықтың маңыздылығын және үкіметтер мен ұлттық та, жекеменшік те пошта операторлары арасындағы әріптестіктің өзара тиімді моделін табу қажеттілігін атап өтті.

 

Өз кезегінде Елші Әлібек Бақаев 2021-2024 жылдарға арналған ДПО-ның Әкімшілік кеңесі мен Пошта байланысы кеңесінің құрамына Қазақстанның кандидатурасын ілгерілету жұмысы және осы құрылымдардағы біздің басымдықтарымыз туралы айтып берді. Жоғарыда аталған ДПО органдарына кандидаттарға дауыс беруді Абиджандағы Конгресс кезінде өткізуі жоспарланған.

 

Анықтама: Дүниежүзілік пошта одағы 1874 жылы Берн шартына сәйкес құрылды. 1948 жылдан бастап – БҰҰ-ның халықаралық пошта байланысын реттейтін институты болып табылады.

Қазақстан ресми түрде ДПО-ға 1992 жылы мүше болды. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ДПО-да Қазақстанның Үкіметі атынан аккредиттелген. Пошталық оператор деңгейінде – «ҚазПошта» АҚ.