Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегі Вадуцта талқыланды

Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегі Вадуцта талқыланды

Вадуц, 2021 жылғы 11 мамыр – Лихтенштейнде өткен жұмыс іссапары барысында Қазақстанның Елшісі Әлібек Бақаев князьдік Үкіметтің басшысы Даниэль Ришпен қабылданды. Әңгіме барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібі мен перспективаларын талқылады.

Іссапар шеңберінде Елші Лихтенштейннің ресми және іскер топтарымен бірқатар кездесулер өткізді.

Атап айтқанда, қазақстандық елші Вадуцтың бургомистрі Манфред Бишофпен экономика, қаржы, мәдениет және туризм саласында екі астананың әріптестік қатынастарын құру мүмкіндіктерін талқылады.

Лихтенштейн Сауда-өнеркәсіп палатасының директоры Бригитте Хааспен кездесу үстінде екі ел арасындағы ынтымақтастықты институционалдық түрде тереңдету мақсатында шарттық-құқықтық базаны кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.

Әлемдік деңгейде қаржы орталық ретінде танылған Лихтенштейннің қаржы және іскерлік орталарын «Астана» Халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастықтың перспективалары қызықтыратынын атап өткен жөн. Бұл бағыттың егжей-тегжейлі талқылануы Елші А.Бакаевтың LGT Group банк холдингінің топ-менеджментімен кездесуі барысында өтті.

Қаржы-банк секторымен қатар Лихтенштейн экономикасының негізін өнеркәсіп саласы (ЖІӨ-нің 40% - на дейін) қамтамасыз етеді. Іссапар барысында Елші ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылау үшін әлемдік нарықта өз салаларында жетекші орын алатын Hilti, Balzers Optics, Ospelt Food, Hoval және Ivoclar Vivadent компанияларының басшылығымен келіссөздер жүргізді.

Лихтенштейн бизнес-қауымдастығы Қазақстанның экспорттық әлеуетінің және инвестициялық ахуалдың артықшылықтарымен таныстырылып, Қазақстандағы нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Сапардың маңызды тармағы ретінде Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы мәдениет және өнер саласындағы алмасу мәселелері талқыланды. Лихтенштейн Ұлттық музейінің директоры Профессор Райнер Фолькоммер мен Елші Ә. Бақаев Вадуц қаласында Қазақстанға арналған тарихи және көркем көрмелерін өткізу мүмкіндіктерін талқылады.

Іссапар ҚР Лихтенштейндегі құрметті консулы Фолькер Шмидтің белсенді қатысуымен және жәрдемдесуімен өтті.