Roche Holding: Қазақстан - перспективалық инвестициялық бағыт

Roche Holding: Қазақстан - перспективалық инвестициялық бағыт

2021 жылғы 1 сәуірде ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Цой Roche швейцариялық фармацевтикалық концерннің Аймақтық директоры А.Тревемен онлайн келіссөздер өткізді. Қазақстан тарапынан бұл іс-шараға Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Ә.Бақаев, «СҚ-Фармация» ЖШС Бас директоры Е.Искалиев пен «Kazakh Invest» ҰК менеджерлері қатысты.

Бұл бейне конференцияның алдында Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігі, «Kazakh Invest» ҰК мен Roche компаниясының арасында еуразиялық аймақтағы өндірістік алаң ретіндегі Қазақстанның әлеуетін жүзеге асыру мен пандемияға қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастықты талқылау үшін бір қатар кездесулер мен келіссөздер өтті.

Бүгін тараптар коронавирусқа қарсы жоғары тиімді Roche компаниясының дәрі-дәрмектерін Қазақстанға жеткізу мүмкіншіліктері мен бұған қажетті жағдайларды талқылады.

Сонымен қатар, Қазақстан тарапының ұсынысы бойынша Roche өз өндірісін Қазақстанда орнату, оның ішінде био дәрі-дәрмектерді жасау, мүмкіншіліктерін зерттеуді бастайды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі өндірісті Қазақстанда орнату арқасында Roche өнімдерінің Қазақстанмен бірге Арменияны, Беларусьті, Қырғызстан мен Ресейді бірлестіретін еуразиялық нарығында қолжетімділігін арттыруға болатындығын атап өтті.

Бұл тұрғыдан Қазақстан Roche үшін тартымды инвестициялық бағыт болып табылатындығын және компания Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін А.Треве атап өтті.

Тараптар өзара ұсыныстарды практикалық іске асыруды тиісті зерделеу жұмыстарын өткізгеннен кейін жүргізуге уағдаласты.

Анықтама: F.Hoffmann компанияларының тобына кіретін Roche швейцариялық холдингі фармацевтика мен диагностика салаларындағы әлемдегі көшбасшыларының бірі. 1993 жылы Қазақстанда бұл компанияның өкілдігі ашылды, ал 2013 жылдан бастап холдингтің мүдделерін «Рош Қазақстан» ЖШС білдіруде.