Швейцарияның іскерлік топтары Қазақстанның инфрақұрылымына инвестицияларды жасауға шақырылды

Швейцарияның іскерлік топтары Қазақстанның инфрақұрылымына  инвестицияларды жасауға шақырылды

Ү.ж. 26 наурызда Қазақстанның Швейцариядағы, Швейцарияның Қазақстандағы Елшіліктерінің және «Швейцария – ТМД» бірлескен сауда палатысының көмегімен «Switzerland Global Enterprise» атты швейцариялық Экспорт пен инвестицияларды қолдау орталығы ұйымдастырған вебинар шеңберінде швейцариялық кәсіпорындар Қазақстандағы инфрақұрылым саласының инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты.

Вебинарға 100 астам АВВ, Bombardier Transportation (Switzerland) AG, Sika Services AG, MAN Energy Solutions Schweiz AG, Inoks Capital SA, Militzer & Münch AG, Siemens Mobility SP, Burckhardt Compression, SWISSMEM сияқты швейцариялық компанияларының басшылары мен өкіледрі қатысты.

Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ірі инфрақұрылымдық жобалар швейцариялық Үкіметі мен іскерлік қауымдастығы үшін үлкен қызығушылық тудыруда. Атап айтқанда, швейцариялық тарап инфрақұрылымдық даму бойынша «Нұрлы Жол» бағдарламасының әлеуетіне назар аударып, жобаларда мемлекеттік – жекеменшік әріптестік арқылы қатысуға қызығушылық білдіруде.

Өз сөзінде ҚР Елшісі Ә.Бақаев инвестициялық ахуалды жақсарту мен инфрақұрылымды жетілдіру - ҚР Үкіметі жұмысының стратегиялық бағыттары екендігін атап өтті. Сонымен қатар, Ә.Бақаев инвестиция саласындағы ынтымақтастық пен инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етті.

«Kazakh Invest» ҰК өкілі А.Қожанов қатысушыларды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда шетелдік компаниялардың қатысу мүмкіндіктерімен таныстырып, қазіргі уақытта ҚР-да көлік және логистика саласындағы теңіз порттарын дамыту, АЭА, «Қорғас» ШЫХО сияқты жүзеге асырылып жатқан бірқатар перспективалық жобалар бойынша тиісті ақпарат берді.

Бизнесмендер ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктеріне және қазақстандық тараптың ұсыныстарына, соның ішінде арнайы экономикалық аймақтар шеңберіндегі жағдайларға қызығушылық танытып, ҚР аумағында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылауға дайындығын білдірді.

Анықтама: «Switzerland Global Enterprise» экспорт пен инвестициярды қолдау орталығы Швейцария Үкіметі мен кантондардың атынан Швейцария және Лихтенштейннің компанияларына халықаралық бизнесті дамытуға жәрдемдеседі.