Швейцарияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерейтойлық маркалар шығарылды

Швейцарияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерейтойлық маркалар шығарылды

БЕРН, 2021 жылғы 16 ақпан – Жақсы дәстүрге сүйене отырып, Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мерейтойлық пошта маркаларын шығару туралы бастамашылық жасады.

Пошталық маркалар Елшіліктің күнделікті хат-хабарларында, сондай-ақ кәдесый ретінде пайдаланылады.

Швейцарияда қазіргі заманғы цифрлық технологиялар мен электронды қызметтердің жоғары дамуына қарамастан, пошта-корреспонденциясы қоғам өмірінде маңызды орын алады.

Карантин кезеңінде пошта қызметтері Швейцария тұрғындарының онлайн-сатып алу санының артуына байланысты бірнеше есе өсті. Сыйлықтар, тауарларға тапсырыс, хаттар салынған конверттер – бүгінгі күні «сары алып Swiss Post» арқылы сәлемдемелер мен конверттердің көптеген саны өтіп жатыр. «Қазіргі уақытта біз күн сайын миллионнан астам сәлемдеме өңдейміз. Бұл Post тарихындағы абсолютті рекорд», – деп атап өтті Swiss Post баспасөз өкілі Жаклин Бюлман.

Жалпы алғанда, Швейцариядағы почта және пошта маркаларының тарихы орта ғасырлардан бастау алады және әлемнің түкпір-түкпіріндегі филателистердің назары мен сүйіспеншілігін тудырады.

Швейцария – Еуропадағы алғашқылардың бірі болып Қазақстанның Тәуелсіздігін танытып, 1992 жылы 1 маусымда Қазақстанмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Швейцария – Қазақстанның Еуропадағы сенімді саяси серіктесі, біздің елдің ең ірі сауда серіктестерінің ондығына кіреді және егемен Қазақстан экономикасындағы үшінші ірі инвестор болып табылады.