Қазақстан Елшісі Әлібек Бақаев Ватиканда Папа Францискке сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Әлібек Бақаев Ватиканда Папа Францискке сенім грамоталарын тапсырды

2020 жылғы 4 желтоқсанында Ватиканда Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлібек Бақаев Рим Папасы Францискке сенім грамоталарын тапсырды.

Қысқа әңгіме аясында Қазақстан Елшісі Рим Папасы Францискке Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жылы лебізін жеткізіп, Рим Папасының 2021 жылы Қазақстанда өтуі жоспарланған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысуына үміт білдірді.

Аса қасиетті Рим Папасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары арасындағы сенім мен өзара түсіністікке негізделген диалог құру туралы бастамасының іске асырылуын жоғары бағалады.

Рим Папасы Франциск өз сөзінде: «Бүгінде, мүмкін, бұрынғыдан да көп біздің жаһандану әлемі біздің планетамыздың алдында тұрған елеулі қатерлерге қарсы тұру үшін адамзатты біріктіретін және жас ұрпаққа арналған жарқын болашақты құра алатын шынайы және құрметті диалог пен ынтымақтастықты даму қажет» - деді.

Ватиканға сапары барысында Елші Әлібек Бақаев Қасиетті Тақтың жоғарғы басшылығымен, атап алғанда кардинал Пьетро Паролин, Ватиканның Мемлекеттік хатшысымен (Премьер-министр), оның орынбасары архиепископ Эдгар Парра және архиепископ Пол Галлахер, Мемлекеттермен байланыс жөніндегі хатшысымен (Сыртқы істер министрі) кездесулер өткізді.

Келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, Ватиканның Қазақстан елордасында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысуы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды.

Қазақстан мен Ватикан арасындағы екіжақты қатынастар 1992 жылы 17 қазанда орнатылды. 1998 және 2009 жылдары Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ватиканға ресми сапарлары өтті, ал 2001 жылы Елбасының шақыруымен Рим Папасы Иоанн Павел II Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік пасторлық сапармен келді.