2026 жылғы 25 маусым, Кур - Өңірлік ынтымақтастықты дамыту аясында Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшісі Қайрат Саржанов Швейцарияның ең ірі кантоны - Граубюнден кантонына жұмыс сапарымен барды. Бұл кантон аумағында жыл сайын Дүниежүзілік экономикалық форум өтетін әлемге әйгілі Давос қаласы орналасқан.
Кантон Үкіметінің төрағасы Мартин Бюлермен өткен кездесуде Қазақстан мен Швейцария арасындағы өңірлік ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, экономика, ғылым-білім және мәдениет салаларындағы бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелері қаралды. Тараптар аумақтарды дамыту, инфрақұрылым, туризм, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және мәдени мұраны сақтау салаларында тәжірибе алмасуға өзара қызығушылық танытты.
Елші Қазақстан мен Швейцария арасындағы саяси диалогтың жоғары деңгейін және сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың тұрақты дамуын атап өтіп, елде жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы ақпарат берді. Ерекше назар «Әділетті Қазақстан» бағыты аясындағы конституциялық реформаларға аударылды. Бұл реформалар демократиялық институттарды нығайтуға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуын кеңейтуге бағытталған.
Мартин Бюлер Қазақстанға әрі қарай да өркендеу, тұрақты даму және жүргізіліп жатқан реформаларды табысты іске асыруды тіледі, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті. Тараптар сындарлы диалогты жалғастыруға және ұлттық әрі өңірлік деңгейлерде жаңа бастамаларды қолдауға дайын екендіктерін растады.
внях.