
Женева, 2026 жылғы 22 маусым - Женева қаласында «Central Asia in Transformation: A New Vision of National and Regional Development» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Орталық Азия елдеріндегі қазіргі трансформация үдерістеріне және өңірдің даму перспективаларына арналды.
Іс-шараға Орталық Азия мемлекеттерінің елшілері мен тұрақты өкілдері, дипломатиялық корпус, БҰҰ жүйесі мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, талдау орталықтары, үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ академиялық және сараптамалық қауымдастық өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшісі Қайрат Саржанов өз сөзінде Орталық Азия өңірі мемлекетаралық ынтымақтастықтың нығаюы, өзара сенімнің артуы және халықаралық серіктестермен өзара іс-қимылдың кеңеюі арқылы сипатталатын даму кезеңінен өтіп жатқанын атап өтті. Осыған байланысты ол Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесулерінің және C5+ форматының маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ елші Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және институционалдық реформалар туралы айтып, олардың мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға және азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысуын кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.
Пікірталас барысында қатысушылар өңірлік интеграция, экономикалық жаңғырту, көлік дәліздерін дамыту, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты (Орта дәліз), сондай-ақ инвестициялық және сауда ынтымақтастығын кеңейту перспективаларын талқылады. Қазақстандағы конституциялық реформалар мемлекеттік институттарды нығайту мен демократиялық тетіктерді дамытудағы маңызды қадам ретінде ерекше аталды.
Қатысушылар сондай-ақ су және өңірлік қауіпсіздік, климаттың өзгеруі, инфрақұрылымдық даму және Ауғанстандағы жағдай мәселелерін қарастырды. Диалог пен практикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету өңірдің тұрақты дамуы үшін аса маңызды екені атап өтілді.
Дөңгелек үстелді Bulan Institute for Peace Innovations Geneva School of Diplomacy ұйымымен бірлесіп, Geneva Centre for Security Policy қолдауымен ұйымдастырды.