"Абай институты" қазақ тілінде ашық білім беру онлайн-платформасының ашылу рәсімі өтеді

"Абай институты" қазақ тілінде ашық білім беру онлайн-платформасының ашылу рәсімі өтеді

Құрметті отандастар! 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қазақ тілі мен әдебиетін, мәдениетін танымал ету мақсатында Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл - қазына" ұлттық ғылыми - практикалық орталығы жанынан "Абай институты" қазақ тілінде ашық білім беру онлайн-платформасын әзірледі. 

Абай институты - Қазақстан Республикасының консулдықтары арқылы және бірлесіп орындауға мүдделі отандық және шетелдік мекемелер мен ұйымдарды бірлесіп барша әлемге қазақ тілін насихаттау, қазақ тілінің халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға, шетелдердегі қазақ диаспоралары үшін қазақ тілін меңгеруді ілгерілетуге және тереңдетуге, Абайдың шығармашылығы мен идеяларын таныстыруға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға арналған бағдарлама. 

Абай институты аясында қазақ тілін оқыту алаңы https://abai.institute/ порталы арқылы іске асады. Порталда шетелдердегі диаспора үшін қазақ тілін үйрету мазмұны қалыптастырылады. Әрбір тіл үйренушіге өзінің жеке кабинетін ашуға мүмкіндік жасалады. Сонымен қатар, Абай институты арқылы ағылшын, неміс, парсы, түрік, орыс тілдерінде Қазақстанның тұрмыс тіршілігі, мәдениеті, дәстүрі, халқы, табиғаты, тарихи тұлғалары, адам капиталы туралы ақпараттар ұсынылады.

2020 жылдың 18 қарашасында ZOOM платформасы арқылы Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 16:00-де "Абай институты" порталының ашылу рәсімі өтеді (идентификатор нөмірі: 844 004 80 81).