Қазақстан мен Швейцария өнеркәсіптік және технологиялық әріптестікті нығайтуда

Қазақстан мен Швейцария өнеркәсіптік және технологиялық әріптестікті нығайтуда

22 сәуір, Романсхорн, Хербругг – Қазақстан Республикасының Елшісі Қайрат Саржанов екіжақты экономикалық ынтымақтастықты дамыту және нығайту мақсатында инженерлік шешімдер мен геокеңістіктік технологиялар саласындағы жетекші швейцариялық ұйымдар  - «Brugg Group» холдингінің кәсіпорындарына және «Hexagon AB» құрамына кіретін «Leica Geosystems» компаниясына барды. 

Сапар аясында Geobrugg бас директоры Андреа Ротпен кездесу өтті. Тараптар компания қызметін Қазақстанда кеңейту перспективаларын, сондай-ақ инженерлік қорғаныс шешімдері саласында өндірісті жергіліктендіру мүмкіндіктерін талқылады. Табиғи-геологиялық жағдайлар мен заманауи инженерлік шешімдерге өсіп келе жатқан сұранысты ескере отырып, Қазақстан аталған бағытты дамыту үшін перспективалы алаң ретінде қарастырылуда.

«Leica Geosystems» компаниясында елші Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жобалармен, соның ішінде картография және цифрландыру салаларындағы мемлекеттік органдармен ынтымақтастықпен танысты. «Hexagon AB» компаниясының «Scanning & Mapping» бөлімшесінің президенті Таня Бирнермен қазақ тарапымен өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, елші «Leica Geosystems» компаниясына Астана қаласында өткен Өңірлік экологиялық саммитіндегі Швейцария павильонын ұйымдастыруға және форумның іскерлік бағдарламасына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.