Швейцария Астанада өтетін Аймақтық экологиялық саммитте озық инновацияларын ұсынатын болды

Швейцария Астанада өтетін Аймақтық экологиялық саммитте озық инновацияларын ұсынатын болды

Цюрих, 5 наурыз – Цюрих қаласында 22–24 сәуірде Астанада өтетін Аймақтық экологиялық саммит қарсанында Каспий аймағында швейцариялық экологиялық технологияларды ілгерілету мүмкіндіктеріне арналған семинар өтті.

Үкіметтік органдар, кәсіпорындард және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысқан іс-шараны Қазақстанның Швейцариядағы Елішілігі және форумдағы швейцариялық павильонға жауапты «Swissenviro» компаниясы ұйымдастырды.

Қазақстанның Елшісі Қайрат Саржанов саяси және экономикалық реформалардың негізгі бағыттарымен таныстырып, экологиялық модернизация елдің стратегиялық бағытының бір бөлігі екенін атап өтті. Президент Қ.К. Тоқаевтың бастамасымен Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылып, жаңа Су кодексі қабылданды және су басқару инфрақұрылымын жаңарту жобалары жүзеге асырылуда. Сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтың маңызы, соның ішінде Швейцарияның «Blue Peace Central Asia» бастамасы мен халықаралық су ұйымын құру жөніндегі Қазақстанның бастамасы ерекше атап өтілді.

Дүниежүзілік банк тобы, Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар халықаралық орталығы, Switzerland Global Enterprise, Swiss Export Risk Insurance, Leica Geosystems және Swissenviro өкілдері өңірдің жоғары өнеркәсіптік және энергетикалық әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығына назар аударды. Қатысушылар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және экологиялық инновацияларды ілгерілету және серіктестікті дамыту үшін маңызды халықаралық алаң болып табылатын форумға белсенді қатысуға өз қызығушылықтарын растады.

Швейцариялық компаниялар су тазалау, қалдықтарды басқару, энергия тиімділігі, декарбонизация, жаңартылатын энергия және тұрақты қалалық даму салаларында мол тәжірибеге ие. Ал Қазақстан инвесторларға ашық жұмыс жағдайларын, жаңартылатын энергия саласындағы аукциондық жүйені, салықтық жеңілдіктерді және инвестицияларды қорғау механизмдерін ұсынуда.