2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы

2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы

2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының Швейцариядағы Елшілігі жанындағы №412 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша республикалық референдум өтеді. Аталған сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Мекенжайы: Берн қ., Tavelweg 2, CH-3074 Muri bei Bern.

Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған әрбір азаматының референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.

№412 сайлау учаскесінде дауыс беруге ниетті азаматтардан bern@mfa.kz электрондық поштасына келесі ақпаратты жіберуді сұраймыз: аты-жөні, ЖСН, туған жылы және тұрғылықты мекенжайы.