Бернде жаңа Конституцияның жобасы бойынша брифинг өткізілді

Бернде жаңа Конституцияның жобасы бойынша брифинг өткізілді

Берн, 2026 жылғы 3 наурыз - Швейцариядағы ҚР Елшілігі Қазақстандағы конституциялық реформа бойынша брифинг өткізді. Іс-шараға көрнекті саяси қайраткерлер және Швейцария Конфедерациясы Федералдық жиналысының мүшелері қатысты.

Өз сөзінде Елші Қайрат Саржанов конституциялық реформа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ауқымды саяси өзгерістердің логикалық жалғасы екенін атап өтті. Өзгерістер өкімет органдарының есеп беруін күшейтуге, мемлекеттің институционалдық дамуына және азаматтардың саяси процестерге қатысуын кеңейтуге бағытталғанын атап өтілді.

Қатысушыларға Ата Заң жобасының өзекті ережелері, соның ішінде бір палаталы Парламент құру, «Қазақстан Халық Кеңесін» жоғары консультативтік орган ретінде құру және Вице-Президент лауазымын енгізу туралы ақпарат ұсынылды. Қазақстанның тәуелсіздігі, егемендігі және аумақтық тұтастығы қағидаттарын бекітуге, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайтуға ерекше назар аударылды.

«Швейцария-Қазақстан» парламентаралық достық тобының мүшелері жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалап, олардың дәйекті және жүйелі сипатын атап өтті. Швейцария Парламенті Кантондар Кеңесінің (кіші палата) бұрынғы президенті Филиппо Ломбарди конституциялық нормаларды жаңарту мемлекеттік басқарудағы ашықтықты арттыруға, құқықтық кепілдіктерді нығайтуға және парламентаризмді дамытуға ықпал ететінін атап өтті. Ұлттық Кеңестің (үлкен палата) бұрынғы төрағасы депутат Эрик Нусбаумер «Қазақстан Халық Кеңесін» құру идеясын жоғары бағалап, оның Швейцария федерализмі қағидаттарына сәйкес келетінін айтты. Өз кезегінде Кристин Бадертшер мен Роланд Бюхель депутаттар Швейцария парламенттік делегациясының 2025 жылдың қазан айында Президент Қ.К.Тоқаевпен кездесу мен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы тікелей ақпарат алу мүмкіндігін берген Астанаға сапарларын жылы лебізбен еске салды.