Әл-Фарабидің Еуропа ғылымы мен мәдениетіне қосқан үлесі Швейцарияның, Аустрияның, Германияның, Италияның және Қазақстанның ғылыми ортасын біріктірді

Әл-Фарабидің Еуропа ғылымы мен мәдениетіне қосқан үлесі Швейцарияның, Аустрияның, Германияның, Италияның және Қазақстанның ғылыми ортасын біріктірді

Ұлы философ Әбу-Насыр әл-Фарабидің мерейтойын мерекелеу шеңберінде 2020 жылғы 2 қарашада Швейцариядағы Қазақстан Елшілігі, Цюрих университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстанның Венадағы, Берлиндегі және Римдегі елшіліктерінің тікелей қолдауымен Еуропаның төрт елінен келген қатысушыларды қоса отырып, «Әбу-Насыр әл-Фарабидің Еуропа ғылымы мен мәдениетіне қосқан үлесі» тақырыбында халықаралық онлайн дәріс өткізді. Коронавирус пандемиясына байланысты қатысушылар үшін осындай формат барынша қолайлы әрі қауіпсіз болып шықты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Цюрих университі, Вена университеті, Сапиенс Рим университеті, Падуан университеті, Людвиг-Максимилиан атындағы Мюнхен университеті және Гумбольд атындағы Берлин университеті бейіндік факультеттерінің студенттері дәрістің негізгі тыңдаушылары болды.

Іс-шара Цюрих университінің профессоры, әл-Фараби жөніндегі еңбектері бүкіл шығыстанушылар қоғамдастығына белгілі Рудоль Улрих, Вена университетінің профессоры, әл-Фарабидің музыкалық терапиясы және оны заманауи практикаларда пайдалану туралы қызықты тақырыпты қозғаған Рудигер Лолкер, Падуан университетінің профессоры Сесилия Бонадео, Сапиенс Рим университетінің профессоры Фабио Грасси және т.б. сияқты осы заманғы ориенталист-ғалымдардың шоғырын біріктірді.

Цюрих университінің ректоры профессор Михаэль Шэпман өзінің кіріспе сөзінде әл-Фарабидің мұрасы көп ғасырлар бұрынғы сияқты бүгінгі күні де Еуропа мен Азияның академиялық топтарының арасында мәдени және шығармашылық ынтымақтастық орнатуға ықпал етуді жалғастыруда деп қызықты ой тастады. Ол осы іс-шараның Цюрих университі мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасында ориенталистика мен антропология саласында біліммен және тәжірибемен алмасуға екпін береді деп атап өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев ұлы ойшыл әл-Фарабидің 1150 жылдың мерейтойының ЮНЕСКО қамқорлығымен мерекеленуі ұлы ғалым қалдырған мұра шеңберінде осы заманғы қоғамдарды әлеуметтік-саяси жағынан жаңғырту тұрғысынан алғанда аса маңызды болып табылатынын айтты.

Негізгі дәріскер, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия факултетінің деканы Әлия Масалимова өз дәрісін қорытындысында мына жайларды атап өтті. «Әл-Фараби ғылымның көптеген салаларына: метафизикаға, этикаға, физикаға, астрологияға, психологияға және музыкаға зор үлес қосты. Олардың әрбір бағыты кейінгі зерттеулер үшін тақырыпқа айналды. Білім әлемін бағындырған оның негізгі құралы логика мен этика болды. Ол үшін және оның мирасқоры Авиценна үшін логика мен этика ақиқатты іздестіру үшін барлық ғылымдар мен теологияға тең дәрежеде қолдануға болатын ой-пайымның дәл әдісін білдірді.

Профессор Рудоль Улрих іс-шараны қорытындылай келіп, әл-Фарабидің философиялық мұрасы – ол 21 ғасырдың жаңа гуманитарлық-этикалық, диалогтық және рационалдық идеологияның жаңалығы деп атап өтті. Оның ілімі – бізді қоршаған дүниені жақсартудың үлгісі. Өткен ғасырлардың философиясын зерделеу – жай ғана академиялық сабақ емес, ол осы заманғы адамзат үшін ұлы шабыт.

Дәрістің тақырыбы қызу пікірталасты және аудиторияның жанды қызығушылығын туғызды. Бүгінде біз ұлы әл-Фараби мұрасының бүкіл әлемнің игілігі және қазақ халқының мақтанышы деп айта аламыз.