Лихтенштейнмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің практикалық қадамдары

Лихтенштейнмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің практикалық қадамдары

16 қазанда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов өзінің жұмыс сапары барысында Лихтенштейн Княздігі Мемлекеттік істер және қаржы министрлігінің бас хатшысы Маркус Бидерманмен кездесті.

Тараптар сауда-экономикалық және қаржылық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен келешегін талқылады. Қазақстан министрі Лихтенштейн тарапына Лихтенштейнді жеңілдетілген салық салынатын юрисдикциялар тізімінен шығару туралы ресми хабарламаны тапсырды.

Лихтенштейн тарапы бұл шешімді ризашылықпен қабылдап, аталған шешімді екі ел арасындағы іскерлік байланысты кеңейтудің тиімді қадамдарының біріне айналатынын атап өтті. Атап айтқанда, бұл Лихтенштейннен Қазақстанға тауарларды тікелей жеткізуді және қаржы-несие саласындағы өзара әрекеттесуді күшейтуге мүмкіндік береді.

Б.Сұлтанов Лихтенштейн бизнесін Қазақстанның ЕАЭО мүшелігін және Жаңа Жібек жолындағы негізгі позициясын ескере отырып, Қазақстан ұсынған мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды. Ынтымақтастықты дамытудың келешегі ең жарқын бағыттарының бірі ретінде АХҚО алаңы аталды.