
Вадуц, 14 қараша – Қазақстанның Лихтенштейндегі қоса атқарушы Eлшісі Қайрат Саржанов дипломатиялық корпуска арналған ақпарат күніне қатысты.
Лихтенштейн Князьдігінің Премьер-Министрі Бригитта Хаас «Мемлекетті қалыптастыру, болашақты қамтамасыз ету – ертең үшін бірлесіп жұмыс істеу» Үкіметтің 2025-2029 жылдарға арналған бағдарламасы таныстырылды. Өз кезегінде, Премьер-Министрдің орынбасары және Сыртқы істер министрі Сабина Монауни Лихтенштейннің сыртқы саясатының басымдығы ретінде тұрақты әлемдік тәртіптің негізі ретінде халықарылық құқықты сақтауды белсенді түрде насихаттатынын атап өтті.
Іс-шара аясында Қазақстан Елшісі және Сыртқы істер министрі С.Монауни екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.