Бернде Қазақстанның Республика күні мерекелді

Бернде Қазақстанның Республика күні мерекелді

Берн, 24 қазан - Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігі Берн қаласының «Bellevue Palace» орталық қонақүйінде Республика күніне орай салтанатты қабылдау өткізді. Қонақтар арасында Парламент депутаттары, Швейцария мемлекеттік органдарының басшылары мен қызметкерлері, дипломатиялық миссиялар, халықаралық ұйымдардың, іскер топтар мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ Швейцарияда тұратын қазақстандықтар болды.

Қабылдаудың ресми бөлімі барысында дәстүрлі түрде Қазақстан, Швейцария және Лихтенштейннің мемлекеттік әнұрандары орындалды. Өзінің құттықтау сөзінде Елші Қайрат Саржанов Қазақстан-Швейцария ынтымақтастығы сәтті дамуда екенін атап өтті. Мұның дәлелі ретінде биылғы жылы өткен және жоспарланған экономика, құқық, ғылым және технологиялар, білім беру, сондай-ақ аймақтар арасындағы байланыстарды кеңейту туралы перспективаларды талқылауға және келісімдерге қол жеткізуге бағытталған бірқатар екіжақты сапарлар аталды.

Елші Швейцария Қазақстан экономикасындағы жетекші инвесторлардың бірі болып қала беретініне назар аударды. Бұл ретте, ҚР-да жүзеге асырылатын өзгерістер Швейцария және Лихтенштейнмен цифрлық технологиялар, көлік және логистика, энергетика және басқа да салалардағы өзара тиімді серіктестікті тереңдету үшін жаңа мүмкіндіктер ашатындығын атап өтті.

Өз кезегінде, Швейцария СІМ Еуразия дивизионының директоры, Елші Пьер-Ив Фукс, Қазақстан Швейцарияның Орталық Азия аймағындағы сенімді серіктесі екенін баса айтып, елде жүзеге асырылып жатқан реформаларға жоғары баға берді.

Қызылорда облыстық филармониясының ұжымы концерттік бағдарлама ұсынып, ұлттық әндер мен билерді, еліміздің танымал авторларының шығармаларын орындады. Салтанатты қабылдауда қонақтар ұлттық тағамдарды татып көрді. 

Іс-шара KMG Trading, Glencore және Stadler компанияларының қолдауымен ұйымдастырылды.