Дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастық

Дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастық

Қазіргі уақытта Қазақстан өзінің дамуға ресми көмек жүйесін (ДРК) қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының ДРК саласындағы толыққанды қызметі үшін қажетті заңнамалық және нормативтік-құқықтық база қабылданып, адами ресурстар қалыптасты және донорлық ұйымдармен ынтымақтастық дамып келеді.

Соңғы 20 жыл ішінде Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін дамуға гуманитарлық және ресми көмек ретінде шет елдерге 540 миллион доллардан астам қаржы бөлді. Қазақстан дамуға ресми көмек ұлттық жүйесінің доноры ретіндегі рөлін күшейту арқылы көмекті жүйелеуге ниетті.

Қазақстандық ДРК-ның географиялық басымдықтарының негізгі бағыттары ең алдымен Орталық Азия елдері мен Ауғанстан, болашақта Кавказ бен Африка елдері де негізгі бағыттар болмақ.

Қазақстанның ДРК-ның салалық басымдықтары білім және ғылым, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі, кәсіпкерлікті қолдау, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және т.б.

ДРК механизмін одан әрі институттандыру мақсатында қазіргі уақытта 100% мемлекет қатысатын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне бағынысты ұйым ретінде «KazAID» жұмыс атауы бар Агенттік формасында ДРК саласындағы ұлттық операторды құру бойынша жұмыс аяқталуда.

Соңғы бірнеше жылда Қазақстан ұлттық ДРК жүйесінің қамқорлығымен халықаралық ұйымдармен және басқа да донорлармен ынтымақтастықта алғашқы ДРК жобаларын жүзеге асырды.

2017 жылдың сәуірінде Орталық Азиядағы серіктес елдер үшін (Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты Миссиясымен және Израильдің «MASHAV» Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігімен тығыз ынтымақтастықта алғашқы пилоттық жоба ретінде Нұр-Сұлтан мен Алматыда ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми-практикалық семинар өтті. 

2018 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы мен Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігінің (JICA) қолдауымен «Қазақстанға Ауғанстанмен дамуға ресми көмек көрсету саласында көмек» тағы бір пилоттық жоба жүзеге асырылды. Жоба аясында Нұр-Сұлтанда екі семинар өткізілді: 1) ауған әйелдерінің мемлекеттік басқару саласындағы әлеуетін арттыру жөнінде; 2) ана мен бала денсаулығын сақтауды қорғау жөнінде.

2019 жылы БҰҰ Есірткі және қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесе отырып, Тәжікстанға өзінің қылмыстық-атқару мекемелерін Петропавл ауыр машина жасау зауытында шығарылған қауіпсіздік техникасымен қамтамасыз етуде ДРК жобасы іске асырылды.

Жалпы алғанда, Қазақстан даму саласындағы ынтымақтастықты тереңдету үшін белгілі бір әлеуетті жинақтады. Осыған орай, біз екіжақты және көпжақты форматтағы диалог пен өзара әрекеттесу перспективаларын талқылауға дайынбыз.

Осы тұрғыда айта кету керек, Ауғанстан тарапы Қазақстаннан ауған әйелдерінің кәсіпкерлік саласындағы экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған семинарлар өткізуді сұрады. Алдын ала есептеулер бойынша, жоба 6 миллион АҚШ долларын құрайды.

Талдау донорлық серіктестермен ынтымақтастықта жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін көрсетті. Осыған орай, қазақстандық тарап халықаралық даму жөніндегі ұлттық агенттіктермен бірлесе отырып, осы жобаны іске асыруға мүдделі.